2021-2022 оқу жылына оқушыларды қабылдау » КГУ «СПЕЦИАЛИЗИРОВАННАЯ ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №90» Управления образования города Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 279-09-01
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 233-20-44
Версия
для слабовидящих
26
март
2021

2021-2022 оқу жылына оқушыларды қабылдау

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау 5, 6, 7 - сыныптарда жүзеге асырылады.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында тіркелу және құжаттар қабылдау сілтемесі бойынша өтеді.
Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында таңдалған мамандандырылған білім беру ұйымында тіркеуден өте алады.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4. баланың сандық фотосуреті.

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 2 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)
Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
6-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 60 сұрақ:
математика және логика - 35 сұрақ;
оқу сауаттылығы- 15 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
6-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 90 минут.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).
Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерің ескере отырып, талапкерлерге қосымша кезең өткізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Техникалық сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-52-66 телефонына хабарласыңыз.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-49-98 телефонына хабарласыңыз.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.