Алматы қаласы Білім басқармасының
«№90 мамандандырылған мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 279-09-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-20-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Формирование компетенций работы с искусственным интеллектом должно начинаться со школьной скамьи
08
сентябрь
2025

Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. \ Формирование компетенций работы с искусственным интеллектом должно начинаться со школьной скамьи

⚡️ Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс»

«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл тұрғыда білім беру саласының рөлі айрықша.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуы тиіс.

Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істей білетін мамандарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылады.

Сол себепті менің тапсырмаммен Al-Sana бағдарламасы іске қосылды. Ол 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейді.

Алайда жасанды интеллектпен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан – мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Осыған орай бірнеше бастаманы жүзеге асыру қажет. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша арнайы бағдарлама мен оқу материалдарын әзірлеу керек. Сонымен қатар, ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын қалыптастыру маңызды.

Қашықтан оқыту тәсілі мен жасанды интеллект технологиясына негізделген «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеу қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларға сапалы білім беру әдістерін жеткізуге мүмкіндік береді.

Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Бұл тәжірибені барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкерлер дәл осы бағытта көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп отыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруда кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы қажет».



⚡️ Президент: «Формирование компетенций работы с искусственным интеллектом должно начинаться со школьной скамьи»

«Комплексная модернизация экономики ставит новые задачи в развитии человеческого капитала. В этом плане особую роль играет сфера образования.

В рамках национального проекта «Школы будущего» из запланированных 217 школ уже функционируют 150. Строительство оставшихся школ должно быть завершено в течение ближайших трёх месяцев.

Цифровые технологии стремительно меняют глобальный рынок труда. Спрос на специалистов, умеющих работать с искусственным интеллектом, растёт с каждым годом. Значительная часть рабочих процессов будет автоматизирована с внедрением цифровых технологий.

По моему поручению стартовала программа Al-Sana, направленная на вовлечение около 100 тысяч студентов в технологические проекты.

Однако формирование компетенций работы с искусственным интеллектом должно начинаться значительно раньше – со школьной скамьи. В связи с этим необходимо реализовать ряд инициатив. Прежде всего, требуется разработка специализированной программы и учебных материалов по основам искусственного интеллекта для школьников. Также важно формировать навыки работы с технологиями искусственного интеллекта у педагогов.

Необходимо создать компактную модель школы «Qazaq Digital Mektebi», основанную на дистанционном обучении и технологиях искусственного интеллекта. Такая платформа позволит обеспечить учащихся сельских школ качественными образовательными методиками.

В столице уже есть опыт создания детских центров развития за счёт частных инвестиций. Этот опыт следует распространить на все регионы. Многие предприниматели выразили готовность поддержать подобные инициативы. Акиматы должны активно привлекать бизнес к реализации таких проектов»

Похожие публикации:

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.