«Қылмыстың алдын алу» тақырыбында лекция өткізілді. \ Прошла лекция на тему «Профилактика преступности».



🏫 №90 мамандандырылған мектеп-лицейінде «Қылмыстың алдын алу» тақырыбында лекция өткізілді.
Алмалы ауданының полиция басқармасы өкілдері, полиция аға лейтенанты Камалбек Руслан Талғатұлы 7–9 сынып оқушыларына, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілеріне арналған «Қылмыстың алдын алу» тақырыбында лекция өткізді.
🔹 Күн тәртібі:
1. Қылмыстың алдын алу шаралары;
2. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың себептері мен салдары;
3. Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Лекция барысында Камалбек Руслан Талғатұлы оқушыларға қылмыс жасаудың заңды салдары, құқық бұзушылыққа тартылған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы толық түсіндірме берді. Сонымен қатар, құқықбұзушылыққа жол бермеудің маңыздылығы, қауіпсіз өмір салтын сақтау және қоғамдағы заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Бұл іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға деген сыйластық сезімін қалыптастыруға және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.
🏫 В специализированной школе-лицее №90 прошла лекция на тему «Профилактика преступности».
Представитель Алмалинского районного управления полиции, старший лейтенант полиции Камалбек Руслан Талгатович, провёл лекцию для учащихся 7–9 классов, администрации школы и классных руководителей на тему «Профилактика преступности».
🔹 Повестка дня:
Меры по профилактике преступлений;
Причины и последствия правонарушений среди несовершеннолетних;
Формирование правовой культуры учащихся.
В ходе лекции Камалбек Руслан Талгатович подробно объяснил последствия совершения преступлений, ответственность за вовлечение в правонарушения, а также подчеркнул важность соблюдения закона, ведения безопасного образа жизни и формирования уважения к правовым нормам.
Мероприятие способствовало развитию правовой культуры школьников, формированию чувства ответственности и уважения к закону.