«Ұстаз – мәңгілік шамшырақ» атты құттықтау челленджі ұйымдастырылды. \ был организован поздравительный челлендж «Учитель – вечный маяк»
https://www.instagram.com/reel/DPQ_zeYiHvb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№90 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары атынан Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – мәңгілік шамшырақ» атты құттықтау челленджі ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты – ұстаздардың қажырлы еңбегін, шексіз шыдамдылығы мен білімге деген сүйіспеншілігін дәріптеу, олардың ұрпаққа бағыт-бағдар беретін рөлін құрметтеу.
Челлендж барысында оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына арналған құттықтау сөздер, бейнероликтер, суреттер мен шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Әр қатысушы ұстазға деген алғысын, құрметін және жылы лебізін жеткізді.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, өмір жолында шамшырақ болып, әр оқушыны бағыттайтын ұстаз – мәңгілік шамшырақ!
От имени учащихся специализированного лицея №90 был организован поздравительный челлендж «Учитель – вечный маяк» ко Дню учителя.
Цель мероприятия – почтить труд педагогов, их терпение и любовь к знаниям, выразить уважение к их роли в воспитании и формировании будущих поколений.
В ходе челленджа ученики подготовили поздравительные слова, видеоролики, рисунки и творческие работы для своих любимых учителей. Каждый участник выразил благодарность, уважение и тёплые пожелания своим наставникам.
Учитель – не просто наставник, а настоящий маяк, освещающий путь каждому ученику – учитель навсегда остаётся вечным светочем!