Алматы қаласы Білім басқармасының
«№90 мамандандырылған мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 279-09-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-20-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дублёр күні – көшбасшылыққа қадам!» атты ерекше шығармашылық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара өткізілді. прошёл яркий и значимый по своему воспитательному содержанию День дублёра под названием «День дублёра – шаг к лидерству!».
06
октябрь
2025

«Дублёр күні – көшбасшылыққа қадам!» атты ерекше шығармашылық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара өткізілді. \ прошёл яркий и значимый по своему воспитательному содержанию День дублёра под названием «День дублёра – шаг к лидерству!».

https://www.instagram.com/reel/DPat1MtCKIF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​


Nº 90 мамандандырылған мектеп-лицейінде «Дублёр күні – көшбасшылыққа қадам!» атты ерекше шығармашылық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара өткізілді.

Бұл күннің басты мақсаты – оқушыларға мектептің басқару тетіктерін сезіндіру, ұстаз еңбегінің жауапкершілігін терең түсіндіру, сондай-ақ көшбасшылық, ұйымдастырушылық және өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту болды.

📌 Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары – мектеп парламенті мен педагогикалық ұжым.
📌 Қатысушылар – 5–11 сынып оқушылары. Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің рөлін атқарып, өздерін жаңа қырынан танытты.

Дублёр күнінде оқушылар сабақ жүргізіп, мектеп бойынша кезекшілік ұйымдастырып, тәртіп пен жұмыс барысын қадағалады. Үзіліс уақыттарында түрлі ойындық, мәдени, ақпараттық бағдарламалар өткізіп, мектеп өміріне жаңа серпін берді.
Сонымен қатар, ұстаздарға арналған арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.

«Дублёр күні» оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін ашып, жауапкершілік алуға, шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Оқушылар ұстаз еңбегінің маңызын терең сезініп, мектеп қауымдастығының үйлесімді жұмысын жақыннан көрді.

Іс-шара қорытындысы мен фотоматериалдар мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.


В специализированном лицее №90 прошёл яркий и значимый по своему воспитательному содержанию День дублёра под названием «День дублёра – шаг к лидерству!».

Основная цель мероприятия – дать учащимся возможность почувствовать систему школьного управления, осознать ответственность труда педагога, а также развить лидерские, организационные и навыки самоуправления.

📌 Основные организаторы – школьный парламент и педагогический коллектив.
📌 Участники – учащиеся 5–11 классов, которые в этот день исполняли роли учителей и администрации школы.

В рамках Дня дублёра школьники проводили уроки, организовывали дежурство, контролировали общий порядок, а также проводили различные культурные и игровые программы во время перемен. Мероприятие придало школе ерекше динамику и позитивную атмосфера.
Кроме того, для учителей была подготовлена концертная программа, подарившая педагогтарға праздничное настроение и жылы эмоции.

День дублёра стал отличной возможностью для учащихся проявить лидерские качества, почувствовать ответственность управления коллективом и ближе познакомиться с ежедневным трудом учителя.

Итоги мероприятия и фотоматериалы размещены на официальном сайте школы и в социальных сетях.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.