Алмалы ауданы Полиция басқармасының басшылығы педагогтарға құрмет білдіру мақсатында ерекше мазмұнды іс-шара өткізді. \ Руководство Управления полиции Алмалинского района организовало специальное мероприятие, посвящённое педагогическому сообществу.

https://www.instagram.com/reel/DPat-EbiB45/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Алмалы ауданы Полиция басқармасының басшылығы педагогтарға құрмет білдіру мақсатында ерекше мазмұнды іс-шара өткізді. Шара барысында ұстаздарға жүрекжарды жылы лебіздер айтылып, олардың қоғам өміріндегі айрықша орны мен өлшеусіз еңбегі кеңінен атап өтілді.
Басқарма басшысы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақты білімді, тәрбиелі, саналы етіп қалыптастыру жолындағы қажырлы еңбектеріне зор ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, ұстаздарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, оларға ерекше құрмет көрсетілді. Іс-шара мерекелік көңіл күйге толы жылы атмосферамен жалғасты. 🌷
Шараның рухани мазмұнын айқындап, мәнін тереңдете түскен Бауыржан Момышұлының өшпес сөзі көпшілікке ой салды:
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данышпан ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.»
– Бауыржан Момышұлы
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге лайық құрмет пен абырой тілейміз. Шәкірттеріңіздің әр жетістігі сіздерге қуаныш, жаңа белестерге жетелейтін күш болсын! 💐
Руководство Управления полиции Алмалинского района организовало специальное мероприятие, посвящённое педагогическому сообществу.
Во время встречи были сказаны тёплые слова признательности, особо отмечена значимая роль учителей и их неоценимый вклад в развитие общества.
Руководитель Управления поздравил педагогов с профессиональным праздником и выразил глубокую благодарность за ответственную и благородную миссию – обучение молодёжи качественным знаниям и воспитание достойного поколения будущего.
Учителям были вручены Благодарственные письма и подарки, что придало мероприятию праздничную атмосферы и особое душевное тепло. 🌷
Дух всей встречи наполнила мудрая мысль Бауыржана Момышулы:
«Учительство – великое уважение. Ведь именно учитель воспитывает поколение.
И будущего руководителя, и мудрого учёного, и трудолюбивого земледельца, и шахтёра – всех их растит учитель.
Как мы чтим матерей, дарующих жизнь, так же должны почитать учителей, воспитывающих эту жизнь.»
Уважаемые учителя! Пусть ваш нелёгкий, но аса ответственный труд приносит всегда заслуженные плоды.
Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения и радости от успехов ваших учеников! 💐