7-сынып оқушыларының қатысуымен “Zoom” платформасы арқылы “Көмек” бағдарламасы бойынша онлайн-конференция өткізілді. \ состоялась онлайн-конференция по программе «Көмек» с участием учащихся 7-х классов, проведённая через платформу “Zoom”.

20.10.2025 жылы №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің акт залында 7-сынып оқушыларының қатысуымен “Zoom” платформасы арқылы “Көмек” бағдарламасы бойынша онлайн-конференция өткізілді.
Іс-шара барысында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері жан-жақты түсіндіріліп, апатты жағдайларда дұрыс әрекет етуге арналған арнайы жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі жағдаяттарда қауіпсіз әрекет етуді, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын практикалық түрде меңгерді.
Сонымен қатар, конференцияда жаттығулар өткізуге арналған нысандар, олардың қауіпсіздік талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы кең ауқымды ақпарат берілді. Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
✨ Іс-шараның мақсаты:
• төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
• қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызын түсіндіру;
• оқушылардың жауапкершілік сезімін нығайту;
• қауіп-қатер туындаған жағдайда сабыр сақтап, дұрыс бағытта әрекет етуге үйрету.
Бұл конференция оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, төтенше жағдайларға дайын болуға және өз-өзін қорғау қабілеттерін жетілдіруге үлкен үлес қосты.
20.10.2025 года в актовом зале специализированного лицея №90 состоялась онлайн-конференция по программе «Көмек» с участием учащихся 7-х классов, проведённая через платформу “Zoom”.
В ходе мероприятия были подробно рассмотрены алгоритмы действий в чрезвычайных ситуациях, а также организованы практические упражнения, направленные на формирование навыков поведения в условиях опасности. Учащиеся отработали различные модели действий, учась обеспечивать свою безопасность и безопасность окружающих.
Кроме того, были даны разъяснения о требованиях безопасности объектов, на которых проводятся тренировочные занятия, а также о мерах профилактики чрезвычайных ситуаций. Особое внимание уделено формированию у учащихся культуры безопасности.
✨ Цель мероприятия:
• сформировать у учащихся навыки правильных действий в чрезвычайных ситуациях;
• объяснить важность соблюдения правил безопасности;
• развивать чувство ответственности;
• научить сохранять спокойствие и принимать верные решения в условиях риска.
Онлайн-конференция стала важным вкладом в развитие культуры безопасности среди школьников, укрепив их готовность к внештатным ситуациям.